№3 ішкі аурулар кафедрасында тәрбие жұмысының жүру барысы жайлы

2011-12 оқу жылында біздің кафедра емдеу факультетінің 28 топ студенттеріне кемеңгерлік жұмысын жүргізуде, оның ішінде 24 топ қазақ бөлімінің, ал 4 топ орыс бөлімінің студенттері. Жалпы университеттік жоспар негізіне сүйеніп, тәрбие жұмысы бойынша кафедра жоспары құралды, ол азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күрес, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын біріктіреді.

Өнегелі, азаматтық және патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында студенттермен бірге: 10. 09.2011 жылы доцент Енокян С.Г. басшылығымен — «Конституция – ҚР негізгі заңы», 15.11.2011 жылы ассистент Ж.С.Шериязданның басшылығымен  Тәуелсіздік күнінің қарсаңында  — «Желтоқсан  лебі», асистент Сабырбаева Г.А. және асситент Токсанбаева Г.Т. басшылығымен 30.01.2012 жылы «Жаңа онжылдық, жаңа эконмикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын»  талқыланды, 02.2012 жылы профессор Зиманова Г.С. және доцент Бекишева А.С. басшылығымен «Мен жемқорлыққа қарсымын!» тақырыптарына кураторлық сағаттар өткізілді.

Әсіресе кураторлық топ студенттерінің мейірімді істер эстафетасына қатысуын атап өткіміз келеді. Олар  «Донор күні» акциясына қатысты, аурулардың алдын-алу мақсатындағы іс-шараларға қатысу  мақсатында – 08-2, 08-3 топ студенттері профессор Искаков Б.С., ассистент Шерияздан Ж.С. и ассистент Чумбалова А.С., басшылығымен №54 орта мектептің 4-8 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша 17.11.2011 жылы дәріс оқыды; 29.02.2012 жылы ассистент Шерияздан Ж.С. басшылығымен  01-1 және  01-2 6 курс студенттері халықаралық «Орфанды аурулар» күніне арналған конференцияға қатысты.

Рухани-өнегелік, эстетикалық тәрбиені дамыту мақсатында топ жетекшілерімен студенттер театрларға барды, атап айтсақ 28.02.2012 жылы Абай атындағы опера және балет театрына  –Болат Аюхановтың концертіне бардық.

Кураторлық топ студенттері СҒЗЖ үйірмесіне де белсенді қатысады. Екінші-факультет ішілік турда  01-2 топ студенттері Елемес Перизат және Длимбетова Меруерт екінші орын алды. Ғылыми жетекшісі – ассистент Шерияздан Ж.С.

07.04.2012 жылы топ жетекшілері өздерінің кураторлық топ студенттерімен  №7 ҚКА қызметкерлерімен бірге Наурыз мейрамын атап өтті.

 

Поисковые слова: