1954 ж санитарлы-гигиеналық және педиатрия факультетінің факультеттік хирургия кафедрасы болып құрылған. 2004 жылдан бастап, осы күнге дейін кафедра меңгерушісі проф А.С.Ибадильдин.
Кафедра құрылғалы бері жедел іш, торакальді, жүрек-қантамырлар хирургиясы, порталды гипертензияның көкейкесті мәселелерімен айналысып келеді. Хирургтер мектебін құрды. Қазірде кафедра дәстүрлі істерімен, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды, оқу барысында жаңа инновациялық технологияларды, кеуде, құрсақ, жамбас ағзаларына миниинвазивті шараларды енгізу барысында ерен еңбек етуде. Кафедрада осы кезде 14 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде –м.ғ.д. 4, м.ғ.к. — 6.
Хирургтардың сьезінде, конгресстерде, конференцияларда кафедра профессорлары, доценттері мен ассистенттері өздерінің шұрайлы да бағалы баяндамаларымен ҚазҰМУ беделін көтеріп жүр. Тек қана көтеріп қоймай осындай форумдарды ұйымдастырып отырады. 2009 ж ҚазҰМУ күніне арналған «Перитониттер» тақырыбына халықаралық конференция өткізді. Жыл сайын өткізілетін РФ мен ТМД елдерінің халықаралық хирург-гепатологтарының Конгресіне кафедра меңгерушісі проф. А.С.Ибадильдин қатысып Университетіміздің мәртебесін көтеруде. Ғылыми қоры монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік ұсыныстар шығарылумен қатар, Халықаралық және Республикалық басылымдарда жарық көріп, ғылыми педогогикалық және дәрігерлік қызметкерлерді дайындауға септігін тигізіп отыр.